Тоқаев БҚО әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген "Қуатты аймақ – қуатты Қазақстан" деп аталған жетінші бағыттың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Қазақстан президенті Батыс Қазақстан облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1801798-tokaev-bko-kimi-gali-eskalievti-kabyldady/