Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшербаев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

Фото time.kz
Фото time.kz: UGC
"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Көшербаев 2013 жылдан бастап Қызылорда облысының әкімі болды.

Көшербаев Қырымбек Елеуұлы 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында өмірге келді.

Ол мемлекет және қоғам қайраткері, инженер-құрылысшы, философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы болып табылады.

Көшербаев Қазақстанның білім, денсаулық және спорт саласындағы министрліктерді басқарды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан және Маңғыстау, Қызылорда облыстарының әкімі болды.

Ол Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы қызметін де атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802059-kyzylorda-oblysyny-kimi-sagyntaevty-ornyna-tagajyndaldy/

pixel