Тоқаев Көшербаевқа бірқатар тапсырма берді
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаевқа бірқатар тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Қырымбек Көшербаевты президент әкімшілігі басшысының лауазымына тағайындадым. Әкімшіліктің жұмысын жаңғырту, орталық және жергілікті билік органдарымен өзара тиімді іс-қимыл жасау тетіктерін жолға қою жөнінде бірқатар міндеттер қойдым", - деді Тоқаев.
Еске сала кетсек, Қазақстан президентінің жарлығымен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802119-tokaev-kserbaevka-birkatar-tapsyrma-berdi/