Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Нұрашұлы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Опубликовано:

Данияр Есин
Фото: UGC

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Данияр Нұрашұлы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында басшының орынбасары, басшы лауазымдарын атқарды.

2016-2018 жылдары-Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы болды.

2018 жылдың наурыз айынан бастап Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық даму істері жөніндегі басқарманы басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802166-daniar-nrasly-akparat-zne-kogamdyk-damu-vice-ministri-tagajyndaldy/

pixel