Astana Finance Days мамандандырылған конференциясында қандай мәселелер талқыланады?

Опубликовано:

Осыдан үш жыл бұрын ғана Елбасы бастамасымен құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) бүгінде әлемдік қаржы орталықтары арасында өз орнын тауып, ел экономикасының қарқынды дамуына өзіндік үлес қосып келе жатыр. Оған дәлел АХҚО-ның әлемнің ең беделді 100 қаржы орталықтарының жаһандық рейтингісінде (GFCI) 51-ші орынға жайғасуы болып табылады. Тағы бір айтулы жаңалық – өңірлік қаржылық хаб осымен екінші мәрте ел экономикасын дамыту жолдары талқыланатын «Astana Finance Days» мамандандырылған арнайы конференциясын өткізуде. Айта кетерлігі, биылғы жылы конференция жұмыс тобы форматында өтіп, оған әлемнің қаржы саласының білікті 300-ге тарта сарапшылары қатысады деп күтіліп отыр. «Astana Finance Days» конференциясы Қазақстан экономикасы үшін несімен құнды? Алдағы уақытта АХҚО елдің әл-ауқатын қалай жақсартпақ? KAZ.NUR.KZ аталған сауалдарға жауап іздеп көрді.

Astana Finance Days мамандандырылған конференциясында қандай мәселелер талқыланады?
Astana Finance Days мамандандырылған конференциясында қандай мәселелер талқыланады?: Instagram

Елордада шілденің 1-4 аралығында өтетін игі іс-шарада қатысушылар адам капиталын дамыту, ислам қаржысы, нарық капиталын дамыту және т.б. қызықты әрі танымдық тақырыптардың куәсі бола алады.

Осылайша, конференцияның алғашқы күні «Еуразия және дамушы нарық: сауда, инвестиция, тәжірибе алмасу», «АХҚО: мұнай және газ өндірісінің жаңа мүмкіндіктері» сияқты панельдік сессиялар өз жұмысын бастаса, екінші күні әлемнің үздік стартаперлері Қазақстандағы қаржылық технологиялар мүмкіндіктерін талқылайтын болады. «Fin Tech Summit» атты бұл игі бастама жастарға өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларға мүдделі инвесторды табуға жол ашады. Сол сияқты осы күні қатысушылар АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросының ұйымдастыруымен өтетін «EdTech форумға» қатысып, өз ойларын ортаға салады. Айта кетерлігі, аталмыш сессияда сөз алатын спикерлер де салмақты. Олардың арасында Қытайдың экономикалық ақпараттық инженерия мектебінің профессоры Цин Ли, Қазақстандағы Британ кеңесі директоры Джим Баттери және т.б. бар.

Ал исламдық қаржы саласы бойынша білімін тереңдетіп, исламдық банкингтің қыр-сырын меңгеремін дейтін қатысушылар конференцияның 3,4-күні дәл осы тақырыпқа арналған дәрістер мен семинарларды тыңдап қайта алады.

Бір қызығы, биылғы жылы мамандарылған конференция аясында іскерлік журналистика саласы да назардын тыс қалмайды. Шілденің 4-і күні бизнес тілін меңгеріп, кәсіби, білікті тілші атанамын деген қатысушылар «Бизнес &/vs. Media» сессиясын тыңдап, өз біліктіліктерін арттыра алады.

Сондай-ақ, «Astana Finance Days» конференциясына бұл жылы АХҚО қатысушылары да қатысады деп күтіліп отыр. Олар өз бизнестерін дамыту үшін неліктен АХҚО-ны таңдағандығын айтып, бизнесте табысқа жету құпияларымен бөлісетін болады.

Жалпы мамандандырылған конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – АХҚО-ның ел экономикасын дамытудағы ролін анықтап, өңірлік қаржылық хабтың басым бағыттары бойынша қандай жұмыстар атқарылғандығын таныстыру болып табылады. Оның шеңберінде бірқатар ірі компаниялармен стратегиялық келісімдерге қол жеткізіліп, қаржылық хабтың одан ары даму бағыттары айқындалатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802204-astana-finance-days-mamandandyrylgan-konferenciasynda-kandaj-mseleler-talkylanady/