Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәжірибелі басшы": Президент Көшербаевты жаңа ұжымына таныстырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларға Президент әкімшілігінің жаңа басшысы Қырымбек Көшербаевты таныстырды деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Президент әкімшілігінің құрамына Көшербаевты таныстырды
Фото: Ақорда: Twitter
"Қырымбек Елеуұлын бәріңіз жақсы білесіздер. Ол елімізге белгілі, танымал азамат. Қырымбек Елеуұлы – түрлі басқару орталықтарында жауапты қызмет атқарған тәжірибелі басшы. Мемлекетіміздің даму жағдайын жақсы біледі. Тапсырылған жұмыстардың бәрін жоғары деңгейде атқарады деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Президент әкімшілігінің халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, оның қызметінің негізгі басымдықтарын белгілеп берді.

"Біз сайлауалды тұғырнаманың іс-қимылдар жоспары мен басқа да маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісеміз. Президент әкімшілігі барлық бастамалардың, бағдарламалар мен стратегиялардың мүлтіксіз орындалуына жауап беретініне көңіл аударғым келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802249-tziribeli-bassy-tokaev-kserbaevty-zaa-zymyna-tanystyrdy/

pixel