Аймағамбетов президент тағайындаған ең жас шенеунік болып шықты
Жарияланған күні:
Жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар әкімдер мен министрлерді тағайындады. Олардың ішіндегі ең жасы - 37 жастағы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов болды. Ал ең үлкен шенеунік - Президент әкімшілігінің 64 жастағы басшысы Қырымбек Көшербаев болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Басқа тағайындалған шенеуніктердің жасы нешеде?
Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 41 жаста. Ол - әкімдер арасындағы ең жасы.
Елорданың бұрынғы әкімі, ал қазір сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 47 жаста.
Жаңадан құрылған экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы 40 жастағы Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін энергетика министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Батыс Қазақстан облысының әкімі, Ғали Есқалиев Көлгінов орын иеленген еді. Қазір Есқалиев 49 жаста.
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың жасы 55-те. Осы жасқа дейін ол Түпқараған ауданының, Жаңаөзен қаласының әкімі болып үлгерді, сондай-ақ, Ақтау әкімі болды.
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов аталғаш лауазымға облыс әкімінің орынбасары болған соң келген. Ол 51 жаста.
Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев 55 жаста.
Бұған дейін ол Республиканың премьер-министрі қызметін атқарды, ал одан кейін президент Әкімшілігінің басшысы болды.
Енді шенеунік елдің ең үлкен мегаполисін басқарады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802533-ajmagambetov-prezident-tagajyndagan-e-zas-seneunik-bolyp-sykty/