Аманжол Алпысбаев БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Аманжол Алпысбаев Батыс Қазақстан обылысының басшысы Ғали Ысқақовтың орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды БҚО әкімдігі хабарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bko.gov.kz
Фото: bko.gov.kz: UGC

Облыс басшысы дүйсенбі күні әкімдіктің аппарат жиынында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Алпысбаев тағайындалғанға дейін Нұр-Сұлтан әкімдігінде жұмыс істеді. Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы, Ақмола облысы бойынша ТМРА департаментінің директоры, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары болды.

Жаңа лауазымда ол сәулет, қала құрылысы мен құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық жоспарлау, сондай-ақ тарифтік саясат, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802592-amanzol-alpysbaev-bko-kimini-orynbasary-bolyp-tagajyndaldy/