Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрі Ермекбаев департамент басшысын тағайындады

Опубликовано:

Данияр Әлжанов Қорғаныс министрлігіне қарасты ақпарат және коммуникация департаментін басқаратын болды. Бұл туралы министрлік басшысы Нұрлан Ермекбаев өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Ақпарат және коммуникация департаментінің басшысы болып Данияр Әлжановты тағайындадым" , - деп жазды қорғаныс министрі.

Нұрлан Ермекбаев департаменттің жаңа басшылығына ақпараттық жұмысты іске асыру мен БАҚ өкілдерімен эффективті қарым-қатынас орнату жолдарына байланысты бірқатар тапсырма бергенін жеткізді.

Бұған дейін бұл қызметте болған Серік Бұрамбаев басқа жұмысқа ауысты.

"Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсініктеме жұмыстарына елеулі үлес қосқаны мен журналистер және жастармен байланыс орнатқаны үшін Бұрамбаев С.Ж-ға алғыс білдірдім" , - деп жазды Ермекбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802597-korganys-ministri-ermekbaev-departament-bassysyn-tagajyndady/

pixel