Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысының әкімі Ануар Күмпекеевке сенімсіздік білдірді

Опубликовано:

Павлодар облысының әкімі бүгінгі аппарат мәжілісінде қала басшысы Ануар Күмпекеевке сенімсіздік білдіретінін айтты. Осыған байланысты, Болат Бақауов президент әкімшілігіне хат жолдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pavlodar.gov.kz
Фото: pavlodar.gov.kz: Facebook

Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып қала әкімінің орынбасары қызметін атқаратын Ермұрат Нұрхановты тағайындау ұсынылды.

Болат Бақауов өз шешімі 50 млн теңгеге жуық тұратын қымбат пәтерді сатып алумен, әкімдікке алты млн тұратын эбен ағашынан жасалған жиһазды әкелумен байланысты екенін айтты. Екі факті бойынша облыс әкімі Күмпекеевке сөгіс жариялаған.

Павлодар облысының әкімі аппарат мәжілісінде Күмпекеев сенімді ақтамағанын жеткізіп, тиісті құжаттарды президент әкімшілігіне жолдауды тапсырды.

Еске сала кетейік, Әнуар Күмпекеев Павлодар әкімі болып 2018 жылдың 22 тамызында тағайындалған.

Бұған дейін ол Ақмола облысындағы Степногорск қаласын басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802704-bolat-bakauov-pavlodar-kimin-kyzmetinen-bosatty/

pixel