Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Дәуешов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды

Опубликовано:

Марат Дәуешов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

Марат Дәуешов. Фото: akorda.kz
Марат Дәуешов. Фото: akorda.kz: UGC
"Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі  қызметінен босатылды", - делінген президент қаулысында.

Сонымен қатар мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802737-marat-duesov-memlekettik-kyzmet-isteri-agenttigi-tragasyny-orynbasary-boldy/

pixel