Марат Дәуешов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды
Опубликовано:
Марат Дәуешов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген президент қаулысында.
Сонымен қатар мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне;
Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;
Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802737-marat-duesov-memlekettik-kyzmet-isteri-agenttigi-tragasyny-orynbasary-boldy/