Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкібай: Данияр Ақышев жұмыс орнында

Опубликовано:

Тelegram желісіндегі @kazebitda арнасында Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Әлеуметтік желінің мәліметінше, іске қатысты тергеу жұмыстарының аяқталуына аз қалды.

Telegram-арнада жазылғандай, қылмыстық істің қозғалуына "Қазатомпром" акцияларына қатысты әс-әрекеттер себеп болған. Аталмыш акцияларды БЖЗҚ Лондон биржасында сатып алып, оларды KASE арқылы саудалай бастаған.

Дереккөздің мәлімдеуінше, қылмыстық тергеудің тағы бір себебі ретінде теңгеге қатысты қаржылық операциялар болуы мүмкін. Аудиторлар бірқатар заңбұзушылықтарды аңғарып, соның арқасында байи түсуге қауқарлы болған компанияларды анықтаған болуы мүмкін.

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Tengrinews.kz тілшісіне Ақышевтің жұмыс орнында (ол тұңғыш президенттің көмекшісі қызметінде) екенін айтты.

"Біздің кеңсе органдардан ешқандай ресми қағаз алған жоқ", -деді Үкібай.

NUR.KZ редакциясы ресми ақпарат алу үшін Бас прокуратураға хат жолдады

Айта кетейік, Данияр Ақышев үш жыл бойы Ұлттық банк басшысы қызметін атқарды. Алайда, осы жылдың ақпан айында бұл жұмысынан кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802894-derekkz-daniar-akysevti-stinen-kylmystyk-is-kozgaldy/

pixel