Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Ақышевтің қылмыстық ісі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Бас прокуратура Данияр Ақышевқа қатысты қылмыстық іс тіркелмегенін мәлімдеді. Құзырлы орган желіде тарап кеткен ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Бас прокуратура 2019 жылдың үшінші шілдесінде сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай реестрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Данияр Ақышевқа қатысты қылмыстық құқықбұзушылық фактілері тіркелмегенін хабарлайды" , - деп жазылған хабарламада.

"Мемлекетттегі құқыққорғау органдарының өндірісінде оған қатысты қылмыстық істердің бар-жоғы жөніндегі мәліметтерге тиесілі емеспіз" , - деп қоса кетті Бас прокуратура өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат пайда болған.

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өз кезегінде Ақышевтің жұмыс орнында екенін хабарлады.

Данияр Ақышев Тұңғыш президенттің көмекшісі болып осы жылдың тоғызыншы сәуірінен бастап жұмыс істеп келеді.

2015 жылдан 2019 жылдың ақпан айына дейін ол Ұлттық банк басшысы қызметінде болды. Алайда, осы жылдың ақпан айында бұл жұмысынан кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802929-bas-prokuratura-akysevti-kylmystyk-isi-turaly-akparatty-zokka-sygardy/

pixel