Білім вице-министрі Эльмира Сұханбердиеваның ісі сотқа өтті
Опубликовано:
Елордадағы №2 Есіл аудандық сотында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиеваға қатысты сот отырысы басталды. Шенеунік пара алғаны, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны мен заңсыз кәсіпкерлігі үшін айыпталуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жоғарғы соттың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, сот кабинетінде іс екінші шілде күні басталған.
Құзырлы органның сайтында іс бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы №3 мектеп-гимназиясының директоры Елена Шеверняева да өтіп жатқаны хабарланған.
Сот үрдісі судья Бақытжан Есеновтың төрағалығымен өтетін болады.
Айта кетейік, бұған дейін вице-министр Эльмира Сұханбердиеваның тұтқындалғанын хабарлаған болатынбыз.
Бүгін, шенеуніктің процессуалдық келісімге келгені мәлім болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802936-bilim-vice-ministri-elmira-shanberdievany-isi-sotka-tti/