Журналистерден қашып бара жатқан Досаев камераға түсіп қалды (видео)
Опубликовано:
Желіде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың журналистер қойған ыңғайсыз сұрақтардан қашып бара жатқан сәті тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ролик Telegram-арналардың бірінде жарияланған.
Бейнежазбадан Досаевты бір топ журналистің қоршап алғанын көруге болады. Бұл жағдай сенат кулуарынан кейін орын алса керек.
"Болды! Болды! Қойыңыздар! Тиіспеңіздер маған" , - деп Досаев БАҚ өкілдерінен қашып кеткен.
Еске сала кетейік, Ерболат Досаев Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы болып осы жылдың 25 ақпанында тағайындалған болатын. Ол Данияр Ақышевті алмастырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1803244-zurnalisterden-kasyp-bara-zatkan-dosaev-kameraga-tsip-kaldy-video/