Ержан Бабақұмаров президент кеңесшісі қызметінен босатылды
Опубликовано:
Ержан Бабақұмаров Қазақстан президенті кеңесшісі қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорда.

Тиісті жарлық мемлекет басшысының ресми сатында жариялнды.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Бабақұмаровты өзінің кеңесшісі етіп, осы жылдың сәуір айында тағайындаған еді.
Ал Президент Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1803296-erzan-babakmarov-prezident-keessisi-kyzmetinen-bosatyldy/