"Өзіме жауап бере аламын": Әбдірахымов Арыс жұртымен кездесуге күзетсіз шыққанын айтты

Опубликовано:

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентте митинг ұйымдастырған ашулы арыстықтардың алдына қалай шыққанын айтты. Үшінші мегаполис басшысы ол сәтте қандай әсерде болғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

NUR.KZ тілшісіне "Ордабасы" мен грузиялық "Торпедо" командалары арасындағы кездесудің үзілісі кезінде Шымкент әкімімен тілдесу мүмкіндігі бұйырды.

"Олар да мен сияқты адамдар, неден қорқу керекпін? Мен екі мыңға жуық адамның жолды жауып тастағанын естіп, олар жиылған жерге келдім.

Халықтың мешітке кіруін сұрадым. Аптап ыстықта тұрғанның несі жақсы?

Бірі менің артымнан ерсе, енді бірі қаланың орталығына кетті. Біз сөйлесіп, мәмлеге келдік" , - деді Әбдірахымов.

Шаһар басшысы арандатушылыққа қатысты сұраққа сенімді түрде жауап берді.

"Мен еркекпін. Не үшін қорқуым керек? Өзім үшін жауап бере аламын. Маған ол жерде күзетшілердің қажеті болған жоқ. Олар да біз бен сіздер сияқты адамдар ғой. Олар зардап шекті, сол себепті қорқынышқа бой алдырды. Біз сол сәтте олардың қасында болуға міндетті болдық" , - деді әкім.

Айта кетейік, эвакуацияланған Арыс тұрғындарының арасында елдімекендегі нашар экологиялық жағдай мен радиацияға қатысты жалған ақпарат тарап кеткен еді.

Өз үйлеріне қайтуға қорыққан тұрғындар Шымкент пен Түркістаннан баспана талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1804306-zim-sin-zauap-bere-alamyn-bdirahymov-arys-zrtymen-kezdesuge-kzetsiz-sykkan/