Талғат Қалиев қызметінен босатылды
Опубликовано:
Талғат Қалиев Оңтүстік Африка Республикасындағы елші қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды ", - делінген хабарланды президент сайтында.
Оның орнына Қанат Тұмыш тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Қобыландыұлы Тұмыш Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды", - делінген тағы бір хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1804447-talgat-kaliev-kyzmetinen-bosatyldy/