Қазақстанда банк саласындағы реформа жүргізілуі мүмкін

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа елдің қаржы жүйесіне деген азаматтар мен кәсіптің сенімін арттыруды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC
"Ерболат Асқарбекұлы (Досаев – Ұлттық Банк басшысы – ред.), біз сізден жыл қорытындысы бойынша нақты нәтижелерді күтеміз. Еліміздің қаржы жүйесі, біріншіден, банк секторы өте маңызды реформаларды қажет етеді", - деді Тоқаев.

Бұдан бөлек, Ұлттық банкке, оның сөзінше, жүргізіліп жатқан бағамдық саясатта халықтың және кәсіптің ашықтығы мен сенімін арттыру бойынша шаралар қабылдау қажет.

"Кеудемсоқтықты ұмытып, қаржы қоғамдастығының өкілдері белгілі халықаралық ұйымдарды, сарапшыларды тарта отырып, бұл мәселені түсініп, біздің міндеттерімізге қандай режим толық жауап беретінін түсіну керек.
Ұлттық Банк пен Үкіметке 1 қарашаға дейін ПӘ-ге тиісті талдау мен ұсыныстар беруді тапсырамын", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1804728-kazakstanda-bank-salasyndagy-reforma-zrgizilui-mmkin/