Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Украина тарихында қалғысы келетінін ашық айтты

Опубликовано:

Украина президенті Владимир Зеленский ел тарихында қалғысы келеді. Бұл туралы Украина басшысы "Зе! Президент!" YouTube желісінде мәлімдеді деп хабарлайды Рамблер сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен барлық адам бізді сыйлағанын қалаймын. Себебі 30 жылда Украина тарихында халық танып, көшеде көрсе қуана қарсы алған ешбір президенттің командасы жоқ", - дейді Зеленский.

Ол Украинада мұндай саясаттың алғашқы үлгісін көрсету үшін "бірдеңе жасауды" көздейтінін жеткізді.

"Ешкімге сенуге болмайды яғни сенуге болатын адамдар мүлде қалмаған", - деді Украина басшысы. 

Зеленскийдің сөзінше, елдің барлық мемлекеттік қызметкерлері пара алады және "күлімсіреп жүріп жымқырады". Украина президенті бұндай әрекетті арсыздықтың ең жоғарғы дәрежесі деп санайды.

Бұрын хабарланғандай, президент кеңсесіндегі қызметкерлер не себепті халықпен бірге суға түскенін түсіндірді.

Зеленский осы әрекеті арқылы халықпен бірге екенін жеткізгісі келгенін жеткізді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1805681-zelenskij-ukraina-tarihynda-kalgysy-keletinin-asyk-ajtty/

pixel