Бейбіт Исабаев президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы болды
Опубликовано:
Бейбіт Исабаев президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген президент қаулысында.
Айта кетейік Бейбіт Исабаевқа дейін бұл қызметті Қайрат Нұрпейісов атқарды.
Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1805902-bejbit-isabaev-prezidentti-parlamenttegi-kildigini-bassysy-boldy/