Көлгінов Twitter парақшасында астаналықтарға үндеу жолдады
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарды тазалық эстафетасына қатысуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қала басшысы жергілікті тұрғындарға Twitter парақшасы арқылы үндеу жолдаған.
Ол экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасына бей-жай қарамайтындарды су аңғарлары мен өзендердегі қоқысты тазартуға шақырды.
"20 шілде күні Birge TazaQazaqstan тазалық қозғалысы басталды. Алдағы сенбі, яғни, 27 шілде күні біз тазалық эстафетасын қабылдап аламыз.
Есіл мен Қарасу өзендерінің әуежайдан айналатын жағасынан Қарағанды тас жолына дейінгі аралығын қоқыстан тазартуды ұсынамыз. Қатысуға ниетті тұрғындарды шақырамыз", - деп жазды елорда әкімі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1806341-klginov-twitter-paraksasynda-astanalyktarga-ndeu-zoldady/