Тоқаев 62 жасқа толған Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Президенттер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Мемлекет басшысы Өзбекстанмен көпжақты байланыстарды кеңейтуге мүдделілік танытты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1806982-tokaev-62-zaska-tolgan-savkat-mirzieevti-tugan-knimen-kttyktady/