Біртанов танымал трансплантологтың ісіне қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов танымал отандық трансплантолог Ғани Құттымұратовтың ісіне қатысты пікір білдірді. Дәрігер адам ағзаларын заңсыз сатты деген күдікке ілінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл қылмыстық іс, ол әлі тергеліп жатыр. Біз қалай пікір білдіреміз? Оны басқа ведомство тергеуде. Қылмыстық істің мән-жайын білмейміз. Сол себепті пікір білдіру қиын" , - деді Біртанов.
Министрдің сөзінше, бұл оқиғада медициналық туризмге қатысты күрделі мәселе қозғалған.
"Өте күрделі проблема анықталған. Медтуризмнің аясында Қазақстанға ота жасатуға келген шетелдік азаматтарға кедергі келтірген емеспіз. Керісінше, барынша қолдау көрсетіп, біздегі медтуризмнің дамып жатқанына жақсы қарайтынбыз. Шетел азаматтары келіп операция жасап тұрады. Трансплантацияны да жасайды.
Алайда, адам ағзаларының заңсыз саудасына қатысты болуы мүмкін кейбір фактілер бар. Іс әлі тергеліп жатыр, сол себепті тек болуы мүмкін деп қайталап айтамын. Яғни, операция ақысыз түрде емес, реципиенттің донорға ақша төлеуі арқылы жасалады. Бұған қатаң тыйым салынған. Біздің мемлекетте бұл қылмыстық іс болып саналады. Әрине, бұл жағдай нақты айғақтарды талап етеді. Тергеу жүріп жатыр. Бар айтарым осы" , - деді министрлік басшысы.
Біртанов трансплантолог дәрігерлер тап болатын проблемаларға тоқталып өтті.
"Біздің заңнамаға сәйкес, адам тірісінде донор болудан бас тартпаса, ол келісім берді дегенді білдіреді. Басты проблема осыда. Бұл келісімнің презумпциясы деп аталады. Ол біздің кодексте жазылған. Алайда, шынайы өмірде өкінішіке орай, адамның туысқандары қарсы болуы мүмкін (биологиялық өлімі тіркелген органдарды алу).
Егер ағзаларды алу орын алса, туысқандардың рұқсаты жоқ екені жайлы шағым жазған, іс қозғаған болу керек. Заң бойынша, туысқандардың рұқсаты қажет емес. Себебі, заң жүзінде олар марқұм туысының ағзаларына құқығы жоқ.
Әрине, моральдік жағынан сауалдар бар. Сол үшін біз рұқсат сұраңдар деп айтып жатамыз. Және келісімін беретін туысқандарды жылы қабылдаймыз" , - деді Біртанов.
Оған қоса, министр Ғани Құттымұратовқа қатысты жағдайға пікір білдіре алмайтынын жеткізді.
"Біз оны өте білікті дәрігер екенін жақсы білеміз. Кәсіби қасиеттер бойынша оған айтар шағымымыз жоқ. Ал оқиғаның қалай болғанын құқық қорғау органдары тергесін, анықтасын. Олар жақында нәтижелерді баяндайды деген ойдамын" , - деді Біртанов.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық белгілі дәрігер адам ағзаларын заңсыз сатты деп күдіктеліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
ІІМ танымал дәрігердің ісіне қатысты пікір білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1807943-birtanov-tanymal-transplantologty-isine-katysty-pikir-bildirdi/