Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқайда қашқан жоқ": Атамбаевтың қызы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

"Апрель" телеарнасы қарулы күштер Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты ұстағаны туралы хабарлады. Алайда бұл ақпаратты бұрынғы басшының қызы мен оның жақтастары жоққы шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алмазбек Атамбаев. Фото: rus.azattyk.org
Алмазбек Атамбаев. Фото: rus.azattyk.org: Instagram

Қырғызстан экс-басшысының жақтасы, Жогорку Кенештің депутаты Ирина Карамушкина бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Бұдан бөлек, Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева да әкесінің Кой-Ташта қауіп ортасында екенін жеткізді.

"Жағдайға байланысты мен екі мәлімдеме жасағым келеді: Біріншіден, менің әкем ешқайда қашқан жоқ, ешкім оны ұстаған жоқ, ол қауіпсіз жерде отыр деген сөз нағыз өтірік. Ол әлі де Кой-Ташта.
Екіншіден, Акнеттің "Апрель" телеарнасындағы тікелей эфирінің тоқтатылуы көп нәрседен хабар береді. Саясатқа ешқашан араласпағанмын және болып жатқан оқиғадан бейхабармын. Кой-Таштағы үйдің маңында тікұшақтар ұшып жүр. Адамдар арасындағы байланыс үзіліп жатыр деп күдіктенемін.
Менің жеке телефонымда да белгісіз ақаулар пайда болды. Маған хабарласу шынымен мүмкін емес. Мен азаматтық позициямды таныта отырып, өз отбасым үшін, зардап шеккен адамдар үшін қатты қорқамын", - деп жазды Әлия өзінің Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1809817-bak-arnajy-zasak-atambaevty-stady/

pixel