Атамбаевты тұтқындау үшін жасалған шабуыл кезінде 45 адам зардап шекті (фото)
Опубликовано:
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты тұтқынау үшін жасалған шабуыл кезінде зардап шеккендердің саны 45 адамға жетті. Бұл сегізінші тамыздың сағат 3:00-ге дейінгі көрсеткіші болып табылады. Қырғызстандық денсаулық сақтау министрлігі оқиғаның мән-жайымен бөлісті деп хабарлайды АКИpress басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Арнайы операция кезінде бір адам қаза тапты. Шу аудандық ІІМБ басшысы Самат Құрманқұлов аса ауыр жағдайда жатыр. Полицейдің басы қатты жарақаттанған.

Ауруханаға бас сүйек-ми жарақатымен 22 адам жатқызылды. Тағы он тұрғын резина оқтардан зардап шегіп түсті. Оған қоса, оқ тиіп, жарақаттанған төрт адам болды.

Қазіргі таңда, 43 адам ем алып жатыр. Бір адам үйіне жіберіліп, біреуі хирургиялық үстелде қайтыс болды.

Айта кетейік, 7 тамыз күні арнайы жасақ қызметкерлері Алмазбек Атамбаевты тұтқындау мақсатында оның үйне шабуыл жасады.






Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1809894-atambaevty-ttkyndau-sin-zasalgan-sabuyl-kezinde-45-adam-zardap-sekti-foto/