Атамбаев жиналған ел алдына шықты (фото)
Опубликовано:
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев өз үйінің ауласына шықты. Бұрынғы мемлекет басшысы өз жақтастарымен кездесіп сөйлескен деп жазады Sputnik Кыргызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тағы да оқыңыздар:
Сооронбай Жээнбеков: Атамбаев заңды өрескел бұзды>>
Атамбаев арнайы жасақ қызметкерлеріне оқ атқанын мойындады>>
Атамбаевты ұстау операциясы: Тұтқындалған сарбаздар видеоүндеу жолдады>>
Сағат түскі 11:00-ден кейін Атамбаев өз үйінен елдің алдына шықты. Ол жиылған көпшілікпен сөйлесіп, жақтастары 16:00 шамасында бас қоспақ болған "Медиа Форум" ғимаратына келетінін мәлімдеді.

АКИpress басылымының хабарлауынша, Алмазбек Атамбаев өз үйінде шабуыл кезінде ұсталған арнайы жасақ сарбаздарының үйлеріне жіберілетінін жеткізді.
"Егер құптасаңыздар, ұсталған арнайы жасақ сарбаздарын қалаға қайтармақпыз" , - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1809932-atambaev-zinalgan-el-aldyna-sykty-foto/