Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан президентінің биылғы күзге жоспарланған Бішкекке сапарының аясында қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі арттыруға бағытталған алдағы өзара іс-қимылдарды талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқына бейбітшілік, тыныштық және береке тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1810025-tokaev-kyrgyzstan-prezidentimen-telefon-arkyly-sjlesti/