Арнайы жасақ Атамбаевпен бірге оның кеңесшісін де алып кеткен (видео)
Опубликовано:
Қырғызстан бұрынғы президентінің кеңесшісі Құндыз Жолдыбаеваны Алмазбек Атамбаевпен бірге алып кеткен. Бұл туралы ол өзі арнайы жасақ сарбаздарының көлігінде отырып хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұтқындау сәтіндегі видеоны желіде Құндыз Әжібекова есімді желі қолданушысы жариялаған. Бейнероликте бұрынғы президенттің кеңесшісі Құндыз Жолдыбаеваның көлікте отырып, оны Атамбаевпен қоса ІІМ-ге апара жатқанын хабарлағанын көруге болады.
"Алмазбек Шаршенұлын, Құндыз Жолдыбаеваны және Фарид Ниязовты ұстады. Оларды ІІМ-ге Кант арқылы алып бара жатыр. Тұтқындауды Курсан Асанов пен Қашкар Джунушалиев іске асырды" , - деп жазылғзан видеоның астында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1810041-arnajy-zasak-atambaevpen-birge-ony-keessisin-de-alyp-ketken-video/