"Мені атып тастаңдар": Атамбаев ұсталуының алдында не сұрады?
Опубликовано:
Қырғызстанның бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында экс-президенттің ұсталуының алдындағы келіссөздердің видеожазбасы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл оқиғадан біреудің зардап шеккенін қаламаймын" , - деп жазылған видеоның астында.
Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, Атамбаев арнайы жасақ сарбаздарын ешкімге зиян келтірмеулерін сұраған.
"Керек болса, мені атып тастаңдар. Бастысы жігіттерге тиіспеңдер. Жігіттер мен қыздарға тиіспейсіңдер ғой?" , - деп сұрады экс-президент.
Атамбаевпен келіссөзді ІІМ басшысының орынбасары Курсан Асанов жүргізген. Бұрынғы мемлекет басшысы министрдің орынбасары жиылған халықтың дін-аман қайтатынына уәде еткенінен кейін ғана берілуге келіскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1810046-meni-atyp-tastadar-atambaev-staluyny-aldynda-ne-srady/