Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір адам оқ жарақатын алды: Бішкек алаңында не болды? (видео)

Опубликовано:

Кеше түнде Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жақтастары қаланың орталық алаңына шықты. Наразылық шарасының қатысушылары көлік қозғалысына кедергі келтірген. Оқиға салдарынан бір адам оқ жарақатын алған. Бұл туралы денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарының бірі Sputnik Ближнее зарубежье Telegram-арнасына хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Тағы оқыңыздар:

Атамбаев үйінің маңындағы атыс видеоға түсіп қалды>>

Ұсталған Атамбаев ІІМ-ге жеткізілді>>

"Мені атып тастаңдар": Атамбаев ұсталуының алдында не сұрады?>>

Бішкек орталығына шыққан шерушілерді таратуға экономикалық қылмыстармен күрес бойынша мемлекеттік қызметкерлер де қосылған.

Наразылық білдірушілерді тарату барысында милициия қызметкерлері жерге жас жігітті құлатып, артынан шоқпармен оның аяғына соққы жасаған.

Тәртіп сақшылары шерушілерді тарату үшін арнайы заттарды қолданды. Олардың арасында жарық-дыбысты гранаталар бар.

Наразы тұрғындардың саны аса көп емес. Алайда, олар өздерін агрессивті түрде ұстап, милицияның көшедегі адамдарды тарату үшін қолданған автобустарын таспен атқылаған.

Оқиға орнынан: Sputnik / Эркин Садықов
Оқиға орнынан: Sputnik / Эркин Садықов: Facebook

Оқиға орнынан: Sputnik / Эркин Садықов
Оқиға орнынан: Sputnik / Эркин Садықов: Facebook

Оқиға орнынан: Sputnik / Эркин Садықов
Оқиға орнынан: Sputnik / Эркин Садықов: Twitter

Фото: Тelegram-канал Sputnik Ближнее зарубежье
Фото: Тelegram-канал Sputnik Ближнее зарубежье: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1810065-bir-adam-zardap-sekti-biskek-alaynda-ne-boldy/

pixel