Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмазбек Атамбаев қамауға алынды

Опубликовано:

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 26 тамызға дейін қамауға алынды. Бұл туралы саясаткердің қорғаушысы Сергей Слесаревке сілтеме жасаған ТАСС хабарлайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алмазбек Атамбаев. Фото: kremlin.ru
Алмазбек Атамбаев. Фото: kremlin.ru: Depositphotos

Тағы оқыңыздар:

Бішкекте шерушілерді қуып тарату шарасының видеосы пайда болды>>

Бір адам оқ жарақатын алды: Бішкек алаңында не болды? (видео)>>

Бішкекте шеруден кейін демалып жатқан арнайы жасақ сарбаздарының суреті тарады>>

Адвокат экс-президентті қамауға алу туралы шешімді сот МҰҚК ғимаратында шығарғанын жеткізді.

Оның сөзінше, Бішкектің Первомайский аудандық судьясын ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына шақыртқан.

"Сот шешімімен Атамбаев 26 тамызға дейін қамауға алынды" , - деді заңгер БАҚ өкілдеріне.

Атамбаев тергеу жұмыстары жүріп жатқан кезге дейін қамауға алынған.

Сонымен қатар Слесарев республиканың бұрынғы басшысын тұтқындау кезінде іс жүргізу нормалары бұзылғанын да атап өтті.

"Менің қорғауымдағы тұлғаға тұтқындау жайлы ешбір құжат көрсетілген жоқ. Оған ескерту қағазын табыстап, бірден бұлтартпау шарасын тағайындады" , - дейді ол.

24.kg хабарлауынша, Атамбаевты МҰҚК тергеу изоляторына тоғыту керек.

Атамбаевтың заңгерінің сілтеме жасаған Sputnik Қырғызстан хабарлауынша, ІІМ бұрынғы президент Қылмыстық кодекстің 319 бабын ("Жемқорлық") бұзғаны үшін күдіктеліп жатыр.

Министрлік бұл іске қатысты кейнірек мәлімдеме жасауға уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1810096-almazbek-atambaev-kamauga-alyndy/

pixel