Қырғызстан президенті аппаратының экс-басшысы ұсталды
Опубликовано:
Қырғызстанда елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев қолға түскеннен кейін де ұстау мен тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет экс-басшысының кеңесшісі Күндуз Жолдыбаева тергеуге алынған еді. Енді президент аппаратының бұрынғы басшысы Фарид Ниязовтың ұсталғаны белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сітеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ІІМ баспасөз қызметінде елдің социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Фарид Ниязовтың ұсталғанын және Бішкек ҚІІБ уақытша ұстау изоляторына орналастырылғанын хабарлады.
Ниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын анықтайтын сот 10 тамыз күні өтеді.
"Ол Кой-Ташта кепілге алынғандарды ұстағаны үшін 48 сағатқа құпықтылды", - деді елдің бұрынғы президентінің кеңесшісі Құндуз Жолдыбаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1810237-kyrgyzstan-prezidenti-apparatyny-eks-bassysy-staldy/