Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасым және бейбіт азаматтар үшін қорқынышты": Әлия Шагиева үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева өзінің Instagram парақшасында видео үндеу жолдап әкесінің ұсталуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үндеуінің басында Қырғызстан экс-президентінің қызы өзінің суретші екенін, ешқашан саясатқа араласпайтынын, алайда болып жатқан оқиғаларға қатысты үнсіз қала алмайтынын атап өтті.

Ол әкесінің ұсталуы заңсыз екенін, ал оны айыптап жатқан істі ойдан шығарылған деп атады.

Әлияның сөзінше, әкесін Батукаев ісіне қатысты куәгер ретінде жауап алу үшін емес, шын мәнінде оның өзге жақтастары секілді оппозициялық қызметі үшін тұтқындамақ болған.

"Маған отбасым және бейбіт азаматтар үшін қорқынышты", - дейді Әлия.

Еске сала кетейік, 8 тамызда ұсталған Алмазбек Атамбаев 26-шы тамызға дейін қамауға алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1810276-otbasym-zne-bejbit-trgyndar-sin-korkynysty-lia-sagieva-ndeu-zasady-video/

pixel