Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын ашты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото NUR.KZ / Алена Бутенко
Фото NUR.KZ / Алена Бутенко: Original

Нұрсұлтан Назарбаев отырысты құттықтау сөзімен бастап, күн тәртібін айтты.

"Бүгін біз Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізіп отырмыз. Халық жұмысымздың нәтижесін көріп отыр, тәуелсіздік жылдарында қабылданған шешімдер, заңдар мен атқарылған істер-барлығы біздің партияның қатысуымен жүзеге асты.
Дегенмен, өмір бір орнында тұрмайды. Бәрі өзгеріске ұшырап жатыр. Бүкіл әлемде де саяси партиялар бүгінгі күні жаңа міндеттермен бетпе-бет келуде. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрақсыздық кезеңінде алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің ішіндегі, сонымен қатар қоғамдағы бірлік қажет.
Онсыз үлкен міндеттерді орындау мүмкін емес. Жаңа саяси жағдайларда партияның рөлі айтарлықтай артады. Бүгін біздің кеңейтілген отырыста партия алдында тұрған міндеттерді талқылап, алдағы қадамдарымызды белгілеуді ұсынамын", - деді Елбасы.

Жалпы, ол үш мәселені талқылауды ұсынды:

1. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы және съездер шешімдерінің орындалуы туралы;

2. Партиялық қайта жүктеудің негізгі бағыттары туралы;

3. Саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Іс-шараға үкімет мүшелері, депутаттар, президент әкімшілігі, әкімдер және ұлттық компаниялар қатысуда.

Фото NUR.KZ / Алена Бутенко
Фото NUR.KZ / Алена Бутенко: Original

Елбасы және президентпен бірге үлкен үстел басында Мәулен Әшімбаев, Әсет Исекешев, Дариға Назарбаева, Бауыржан Байбек, Асқар Мамин және Нұрлан Нығматуллин отыр.

Фото NUR.KZ / Алена Бутенко
Фото NUR.KZ / Алена Бутенко: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1812133-nazarbaev-nur-otan-partiasy-saasi-keesini-kejtilgen-otyrysyn-asty/

pixel