Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы: "Бер, менің балам көп, ақшам аз" деген ұран көтеріліп жатыр

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс істеуден бас тартып, мемлекеттен олардың сұрағанының барлығын беруін талап етіп, "ұран тастайтын" қазақстандықтар жайлы пікір білдірді деп хабаралйды KAZ.NUR.KZ.

Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz: UGC

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев шенеуніктерге БАҚ редакторларына қысым көрсетуге тыйым салды>>>

"Ол өсті": Нұрсұлтан Назарбаев Көлгіновтің мансабы жайлы сөз қозғады>>>

Елбасы: Шымкентте партияның жалауы жұлынды – ешкім үнін де шығармады>>>

"Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жүз рет халық алдына шығып сөз сөйлеп, мемлекеттің ішінде мыңдаған сапар жасауым қажет еді.

Жұмыс жоқ, жалақы жоқ, дүкендер бос. Барлығы "бер" дейді. Мемлекеттің өзінде болмаса, қайдан беремін?

Қазір отыз жыл бұрынғы ұрандар қайта көтеріліп жатыр. "Бер, менің балам көп, ақшам аз. Бер". Сонда сен не ойладың? Бұл сенің жеке мәселелерің.

Сен кезінде мемлекетпен ақылдаспадың ғой. Егер мемлекет мәселелеріңді шешіп, қалағаныңды берсе, - жоқ, "бұл аз, тағы бер", - деді Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Қазақстанға шақыртылған миллиондаған оралмандарды сөз ете отырып, ол ешқандай мемлекет мұндайды жасамайтынын айтты.

"Біз шақырдық - жұмыс істеңдер, балаларың осында тұрсын дедік. Олар бізге "беріңдер" деп отыр. Мен "жұмыс істеңдер" деймін.
Халық жұмыс істемесе, мемлекеттің қалтасында қаражат болмайды. Мемлекеттік бюджетті халық қалыптастырады. Адамдарға түсіндіру қажет", - деп қосты Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1812191-elbasy-ber-meni-balam-kp-aksam-az-degen-ran-kterilip-zatyr/

pixel