Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшісін тағайындады

Опубликовано:

Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Нұрпейісов пен Еркебұлан Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда. Фото: aock.kz
Ақорда. Фото: aock.kz: Facebook
"Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген жарлықта.

Ал, бұған дейін Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болған Кәрім Көкірекбаев пен еліміздің Түрікменстандағы елшісі Жандос Асанов президент үкімімен қызметінен босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1813023-tokaev-kazakstanny-kyrgyzstan-men-trikmenstandagy-elsisin-tagajyndady/

pixel