Раушан Қажыбаева президент телерадиокешенінің басшысы болып тағайындалды
Опубликовано:
Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Раушан Қажыбаева 1978 жылы үшінші қазанда Торғай облысында дүниеге келді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Бұған дейін ол премьер-министрінің кеңесшісі, парламент сенаты төрағасының кеңесшісі, парламент сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, премьер-министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық «КТК» және «Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеген
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1813054-rausan-kazybaeva-prezident-teleradiokesenini-bassysy-bolyp-tagajyndaldy/