Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтай Көлгінов айына қанша жалақы алады?

Опубликовано:

"Хабар 24" арнасындағы "Интервью" бағдарламасына сұхбат берген Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айына қанша жалақы алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Орал әкімдігі
Фото: Орал әкімдігі: Depositphotos

Сұхбат барысында елорда әкімі өзінің айлық жалақысы, отбасы және желідегі белсенділігі жайлы айтып өтті.

Көлгіновтің сөзінше, ол Нұр-Сұлтанға отбасымен көшіп келген. Ал бірінші қыркүйектен бастап балалары сабаққа бармақ.

"Мен осында бұрын 11 жыл тұрғанмын. Сондықтан бұл қала маған бөтен емес. Балаларым осында, Оралда дүниеге келген", - дейді ол.

Сұхбат кезінде әкім айына қанша айлық алатынына да тоқталды. Айтуынша, жалақысы өзгеріссіз қалған. Ол БҚО әкімі болған кезде айына 762 мың теңге жалақы алған.

"Айлық бұрынғыдай. Алайда өзіңіз білесіз, еңбек өтіліне қарай жалақы көбейіп отырады. Айтарлықтай жаңа ештеңе жоқ. Жұмыс та шамамен сондай. Бірақ елордада оның ауқымы кеңірек", - дейді Көлгінов.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан әкімі әлеуметтік желідегі парақшаларын жеке өзі жүргізетінін атап өтті.

Алайда хаттар мен пікірлердің тым көптігінен және жұмыстың ауқымына байланысты бәріне бірдей жауап беруге мүмкіндік бола бермейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1813465-altaj-klginov-ajyna-kansa-zalaky-alady/

pixel