Назарбаева мен Мамин Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияны ашты
Жарияланған күні:
Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында жаңа №87 мектеп-гимназиясының ашылуына қатысты деп жазады премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Үкімет басшысы салтанатты рәсім барысында мектепке қазақ халқының ұлы тұлғасы, ақыны әрі ойшылы – Абай Құнанбайұлының есімінің берілуі аса құрметті әрі жауапкершілікті екенін айтты.
Премьер-министр салтанатты шарада цифрландыру мен жасанды зерденің әсерінен бүгінде жаңа мамандықтар пайда болып жатқанын атап өтті.
«Сіздердің білім деңгейлеріңіз заман сұраныстарына сай және бәсекеге қабілетті болуы керек», — деп Асқар Мамин, барлық оқушыларды Білім күнімен құттықтады.
Жаңа мектептің техникалық жарақтануына жәрдемдесу мақсатында «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» 3D-модельдерді зерттеуге арналған виртуалды-ғылыми секциясы бар «жасыл технологиялар» зертханасын сыйлады.
Оны қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлия Назарбаева мен экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев таныстырды.
Мамин интерактивті жабдықты қолдана отырып оқытудың жаңа әдістерімен танысты. Оқу сыныптарын алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықтау оқушыларға болашақ мамандықтарының дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Бұдан өзге, ашылу салтанаты барысында жаңа мектепке «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» қазақстандық зауыты жаңа үлгідегі мектеп автобусын сыйға тартты.
Үкімет басшысы Асқар Мамин жаңа мектепті аралау барысында ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ашылған «Абайтану» кабинеті мен мұражайына барды.
Сонымен қатар, №87 мектептің ашылу салтанатына білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1813869-nazarbaeva-men-mamin-abaj-knanbaev-atyndagy-mektep-gimnaziany-asty/