Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Парламент мәжілісінің депутаты Гүлшара Әбдіқалықова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып тағайындалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: BNews.kz
Фото: BNews.kz: UGC

Оның кандидатурасын мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды.

"Парламент комитеттері мен комиссиялары туралы заңның 8-бабына сәйкес, мен осы орынға Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың кандидатурасын ұсынамын. Гүлшара Наушақызы көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды.
Барлық салада білімі де, тәжірибесі де жеткілікті. Сондықтан, осы комитетті басқару үшін Гүлшара Әбдіқалықова лайықты деп есептеймін", - деді ол.

Мәжілістің жалпы отырысында Әбдіқалықованың кандидатурасын барлық депутаттар мақұлдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1814440-glsara-bdikalykova-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/