Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ермеңіздер": Тоқаев қытай зауыттарына қатысты қазақстандықтарға үндеу жолдады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында Қытай зауыттары аясындағы жағдайға пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Соңғы уақытта шетелдіктерге жер сатылады немесе шетелдік 55 ескі зауыт ауыстырылып, шетелдік жұмысшылар тартылады деген қауесет тарап жүр. Біздің халық мұндай нәрсеге еріп кетпеуі керек. Мұндай қауесеттерді адамдардың, соның ішінде эмоцияға ерік беретін, эпатажды азаматтардың патриоттық көңіл-күйлерін сенімді басқаратын арам пиғылдылар өз мақсаттарына жету үшін таратады", - деді президент.

Ол мұндай манипуляция геосаясаттың бөлігі екенін, оның мақсаты халықтың бірлігін ажыратып, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру екенін алға тартты.

"Біздің халық ақылды және өз санасымен өмір сүре алады. Биліктің басты мақсаты қоғаммен диалог жүргізу арқылы мемлекеттік саясаттың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Біз бұл істі жақсы атқармаймыз.
Дұрыс ақыл мен ұсыныстарды тыңдап, ескеру қажет. Тағы да қайталап айтамын, жерді біз ешкімге бермейміз және әрдайым азаматтарды тыңдаймыз", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1814923-ermeizder-tokaev-kytaj-zauyttaryna-katysty-kazakstandyktarga-ndeu-zoldady/

pixel