Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қытайда қандай көлікпен жүр? (видео)

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысы бірнеше кездесулер, соның ішінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді. Көрші елде Қазақстан көшбасшысы қандай автокөлікпен жүргені белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуінен видео жариялады.

Алғашқы кадрлардан оркестрдің сүйемелдеуімен қызыл кілем жайылған алаңға Қазақстан президенті қара лимузинмен келгенін көруге болады.

Tengrinews.kz порталы Тоқаевтың Бейжіңде жүріп-тұруы үшін ретро стильдегі Hongqi маркалы кытай автокөлігі берілгенін хабарлады.

Көліктің атауы "Қызыл ту" деген мағынаны білдіреді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1816030-tokaev-kytajda-kandaj-klikpen-zr-video/

pixel