Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Alibaba негізін қалаушы атақты миллиардер Джек Мамен кездесті

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Alibaba Group» компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездесті деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездесті
Фото: Ақорда: UGC

Қытайлық бизнесменмен кездесу кезінде әлемдік экономикадағы заманауи және маңызды мәселелер, кәсіпкерлік пен электронды коммерцияны дамыту жағдайы сөз болды.

Мемлекет басшысы Джек Маны Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерекесімен және «Alibaba Group» компаниясының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікте заманауи технология саласы маңызды рөл атқаратынын айтты.

"Мен сіздің Қазақстанға қолдау көрсетем деген ниетіңізді жоғары бағалаймын. Біз Қазақстан мен Қытайдың арасындағы цифрлық экономиканы дамытуға қатысты стратегиялық келісім жасадық. Осы іске сіздің де атсалысқаныңызды қалаймыз",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев Alibaba негізін қалаушы атақты миллиардер Джек Мамен кездесті
Фото: Ақорда: UGC

Өз кезегінде әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі Джек Ма Қазақстанда бірнеше рет болғанын, біздің елдің мәдениеті мен адамдары ерекше әсер қалдырғанын жеткізді. Ол өзінің тәжірибесін қазақстандықтармен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.

«Alibaba Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Юн Мемлекет басшысына әлемдік интернет сауданың көшбасшысы саналатын ұжымның тарихы мен қызметі жайында, қалыптасқан өзіндік дәстүрі туралы, болашақтағы жоспарлары мен электронды коммерциядағы жаңа трендтер хақында баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1816171-tokaev-alibaba-kompaniasyny-negizin-kalausy-dzek-mamen-kezdesti/

pixel