Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғабидолла Әбдірахымов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Еліміздің үкімет басшысы Асқар Маминнің өкімімен Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы Қазақстан премьер-министрінің Кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы дүниеге келген.

Ол Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, "Болашақ" бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқып, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған. 

Әр жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігін, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарған.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, премьер-министр кеңсесінің басшысы, "Нұр Отан" партиясының хатшысы лауазымдарын атқарған.

2015-2017 жылдары және 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының әкімі болған.  

Ал биылғы жылдың 30-шы шілдесінде Әбдірахымов Шымкент әкімі қызметінен босатылған еді.

Оның орнына үшінші мегополистің басшысы болып Ерлан Айтаханов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1816450-gabidolla-bdirahymov-maminni-keessisi-bolyp-tagajyndaldy/

pixel