Тоқаев белгілі француз саясаткерін қабылдады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы белгілі француз саясаткері, "Attali and Associés" ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Еуропа елдерінің Орталық Азиямен өзара іс-қимылдары, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңғырулардың ілгерілеуі талқыланды.
Француз саясаткері, Еуропалық қайта құру және даму банкінің негізін қалаушы әрі тұңғыш басшысы Жак Аттали Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғысын білдіріп, қазіргі құбылмалы әлемдегі күрделі ахуалда Қазақстан тұрақтылық пен орнықты дамуды сақтап отырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасында әрқашан бейбітшіл саясат ұстанатынына, өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестікке ашық екеніне, сондай-ақ шетелдік капиталды тартып, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін белсенді жұмыс жүргізіп отырғанына баса мән берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818068-tokaev-belgili-francuz-saasatkerin-kabyldady/