Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев қазақ тілі неліктен латын әліпбиіне көшетінін айтты

Опубликовано:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан этносаралық татулық пен толеранттылықтың үлгісін көрсететінін, әлемдік мәдениетпен бірігу үшін қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру маңызды екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Қазақстан этносаралық келісім мен толеранттылықтың табысты үлгісі ретінде қызмет ете алады. Әлемдік мәдениетпен бірігу үшін қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен ауыстыру маңызды.

1993 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасы арқылы мемлекет қаражаты есебінен бірнеше мың жас әлемнің үздік университеттерінде білім алды.

Ақша болған жоқ, қиын болды, бірақ біз жастарды білім алу үшін бағыттадық, енді ондаған мыңы оралып, біздің елімізде жұмыс істеп жатыр", - деді тұңғыш президент.

Ол халықаралық деңгейдегі университеттер мен интеллектулды мектептер құру - білімге және қазіргі заманғы күрделі жағдайда қазақстандық ұлттың бәсекеге қабілетін арттыруға бағытталғанын айтты.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Еуропа және Азия парламенті спикерлерінің ІV кеңесінде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалған жағдайда бүкіл өркениет үшін соңғысы болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Елбасы кеңес барысында Қазақстан мен оның жетістіктері туралы әңгімелеп, елорданың құрылысын да еске алды.

Сондай-ақ, ғаламшардың жылынып жатқанын, үлкен апат келе жатқанын күнде естиміз, бірақ оның алдын алу үшін ештеңе істемейміз деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818461-nazarbaev-kazak-tili-nelikten-latyn-lipbiine-ksetinin-ajtty/

pixel