Ресейлік саясаткер Назарбаевқа алғысын жаудырды
Опубликовано:
Ресейдің мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин көпшілік алдында Нұрсұлтан Назарбаевқа еуразиялық интеграция идеясы үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ол Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Еуропа және Азия парламенті спикерлерінің ІV кеңесінде айтты. Сондай-ақ, ол әлем елдерінің санкциялар мен сауда соғыстарынан қалай зардап шегетіні туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар:
Назарбаев: Егер үшінші дүниежүзілік соғыс басталса, ол соңғы болуы мүмкін
Назарбаев қазақ тілі неліктен латын әліпбиіне көшетінін айтты
Елбасы: Үлкен апат келе жатқанын күнде естиміз, бірақ ештеңе істемейміз
"Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 25 жыл бұрын айтқан еуразиялық интеграцияны құру бастамасы үшін бәріміз алғыс айтайық, сізге үлкен рахмет", - деді Володин мінберден.
Ол Еуразиялық экономикалық одақ аясында көптеген елдердің бірігуіне қарамастан, әлемде халықаралық келісімдер мен мәмілелердің сақталуында проблемалар бар екенін айтты.
"Барлық елдер БҰҰ-ның үстемдігін мойындады, бүгінде біз оның қандай қиындықтарға тап болып жатқанын байқаймыз - оларды елемесең, әскерін кіргізу және егеменді мемлекеттердің ішкі істеріне араласу туралы бірден шешім қабылдайды. Бұған рұқсат етілмеген.
Әлемдегі ең ірі сауда ұйымының ережелері мен талаптары іс жүзінде алынып тасталды. Сауда соғыстары Қытайға, Ресейге, Түркияға, Иранға қатысты жүргізілді. Санкциялардан ЕО-ға мүше мемлекеттерге зардап шегуде.
Осы проблемаларға қарамастан, халықаралық парламенттік ұйымдардың ешқайсысы бұрын қабылданған халықаралық келісімдердің бұзылуын тоқтату туралы талаппен келген жоқ.", - деді Володин.
Оның айтуынша, қосарланған стандарттар бұрыннан келе жатқан дағдыға айналды, ал жалпы келісімдер жай алынып тасталды.
"Біз АҚШ-тың аралық және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы келісімнен шығуы неге әкелетінін түсінеміз бе? Бұған үнсіз келісе отырып, біз тәуекелдерді көріп, өз позициямызды ұстаймыз. Бұл позициялар қайда? Оны қай парламенттік ұйым жариялады?
Егер бұл бүкіл әлем қауымдастығына қауіп төндірсе, біз бейбітшілікті сақтау үшін бәрін жасауымыз керек. Бұл жағдайда үнсіз қалуға жол жоқ және қауіпті.
Біз еліміздің азаматтары алдында қақтығыстардың өршуіне, гуманитарлық апаттарға, халықтың кедейленуіне, мемлекеттердің жойылуына жол бермеуге міндеттіміз", - деді мемлекеттік думаның басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1818481-resejlik-saasatker-nazarbaevka-algysyn-zaudyrdy/