"Бір төсекте жатып, әртүрлі түс көреміз": Тоқаев қытай даналығын мысал етті (видео)
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочидегі "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысында Азия фрагментіне қарсы формуланы іздеу мәселесінде қытайлық даналыққа жүгінді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бүгінде біз, өкінішке орай, түрлі екіжақты альянстардан, өңірлік және субөңірлік институттардан "құрақ көрпені" көріп отырмыз. Қытайда айтылғандай, "Азияда адамдар бір кереуетте ұйықтайды, бірақ әр түрлі түс көреді", – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Осыған байланысты, президент Қазақстанның Азиядағы сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) төрағасы ретінде алдағы 2 жылда басқа да көпжақты институттармен байланысты жандандыруды жоспарлап отырғанын сөз етті.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына 3 қазан күні ұшып келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1820440-bir-tsekte-zatyp-rtrli-ts-kremiz-tokaev-kytaj-danalygyn-mysal-etti-video/